Қоғам
1 мин оқу 650
Балалар Ақорданы аралап көрді
<p style="text-align: justify;">Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады.
Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды.
Бөлісу: