Экономика
2 мин оқу 203

Автокөлік экспорттауға мүмкіндік бар

<p style="text-align: justify;">Қостанайға Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок жұмыс сапарымен келді. Елші алдымен &laquo;СарыарқаАвтоПром&raquo; автозауытына барып, әлемге танымал корей бренді Kia автокөлігі құрастырылып жатқан өндіріс алаңының жұмысымен танысты.</p>

Автокөлік экспорттауға мүмкіндік бар

Зауыт былтыр жаңа үлгідегі Kia Sportage автокөлігін шығаратын ұсақ торапты құрастыру желісін іске қос­қан. Жаңа үлгідегі корей крос­со­верінің шанағы да осы желіде дә­некерленеді. Шанақты бояу жұмыс­та­ры да осында атқарылады.

Ку Хонг Сок мырзаның айтуын­ша, алдағы уақытта Қостанайда құ­ра­­с­тырылып жатқан Kia авто­кө­лік­те­рінің жергілікті үлесін арттыру ар­қылы Қазақстан мен Кореяның көлік өнеркәсібі саласындағы ынты­мақ­тастығын нығайта түсу көзделіп отыр.

«Қостанай зауытындағы жаңа үлгі­дегі ұсақ торапты өндіріс Қазақ­стан­­ның автоөнеркәсібін дамытудың жаңа век­торы бола алады және жер­гі­­­лікті авто­за­уытты іл­ге­рілететін тиім­­ді­ тә­жіри­бе болып та­былады», де­ді елші.­

«СарыарқаАвтоПром» 12 жылда 200 мыңға жуық көлік құрастырды. Бүгінде қостанайлық темір тұлпар­лар­дың біразы ішкі нарықтағы сұра­ныс­ты өтеп жатса, біразы сыртқы сау­даға шығарылады.

Елші Ку Хонг Сок одан кейін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовпен кездесті. Жылы жүздесу барысында облыс өндіретін ауылшаруашылық тауарларын экспорттау мәселесі сөз болды. Облыс әкімінің айтуына қа­ра­ғанда, 2021 жылы Қостанай облысы мен Оңтүстік Корея Респуб­ли­касының арасындағы тауар айналымы шамамен 73 млн долларды құрады. Қостанай автоөндіріске қажетті бөлшектерді, электр аккумуляторларын, метиз өнімдері мен электр жабдықтарын Корей елінен сатып алады. Ендігі мақсат – экспорт мәселесін шешу.

– Біз екіжақты сауда көлемін ұлғайтуды, соның ішінде Оңтүстік Кореяға өнім экспорттау мәселесін қарастыратын боламыз. Бұған об­лыс­тың әлеуеті мен өндірістік қуаты­ның мүмкіндігі толық жетеді. Оған қоса инвестициялық преферен­ция­лар мен жеңілдіктер арқылы қар­жыландырылатын мемлекеттік бағ­­дарламалар бар. Бізге келіп өн­ді­ріс бастағысы келетін корей ин­вес­торларының да ұсыныстарын қарау­ға әзірміз, – деді А.Мұхамбетов.

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу:
Автокөлік экспорттауға мүмкіндік бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар