Жаңалықтар
1 мин оқу 262

«Астана ЭКСПО-2017»-ге ирандықтар да қызығушылық танытты

Жақында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – ЭКСПО-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаев ирандық «Tejarat Almas» холдингі басшылығымен кездесті. Фото Жылқыбай Кездесу барысында ирандық делегацияға ЭКСПО-2017 жобасы таныстырылды. Сонымен қатар, тараптар туризм және құрылыс саласына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО жобасына шетелдік капиталды қатыстыруды ынталандыруға байланысты қазақстандық жақтың жасап жатқан шаралары мен Қазақстанның туристік қызмет саласындағы қабілеті жайында егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. «Tejarat Almas» холдингі 150-ге жуық компанияны біріктіретін көпсалалы мекеме болып табылады. Ол тұрғын үй, офистік ғимараттар салу, ІТ технологиялар және туристік бизнес салаларында жұмыс істейді. Жылдық қаржы айналымы 3,5 млрд. АҚШ долларынан астам. Кездесу қорытындысы бо­­йын­ша тараптар ЭКСПО нысан­­дарына инвестиция салу мәселесін тере­ңірек зерттеуге уағдаласты. «Егемен-ақпарат».
Бөлісу:
«Астана ЭКСПО-2017»-ге ирандықтар да қызығушылық танытты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар