Референдум
2 мин оқу 221

Студенттер шет қалмауы керек

<p style="text-align: justify;">Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне мүше Сенат депутаттары Владимир Волков, Қанатбек Сафинов және Андрей Лукин Astana IT University активімен кездесті.</p>

Студенттер шет қалмауы керек

Оқу ордасының ұжымы мен сту­денттерімен кездесу ба­ры­­сын­да депутаттар респуб­ли­ка­лық референдумның ма­ңы­зы және Конституцияға енгі­зу­ге ұсы­нылған өзгерістер мен то­лық­тырулар туралы қатысу­шы­ларға айтып берді.

«Жаңғыру реформаларын іске асыруда және мемлекетті одан әрі дамытуда жас ұрпақ рө­лі­нің маңызы аса зор. 27 жыл ішін­де өлім жазасына алғаш рет то­лықтай тыйым салу, Консти­ту­циялық сот құ­ру, мәжбүрлі еңбек мәсе­ле­лерін реттеу және басқа да мем­лекеттегі маңыз­ды мә­се­лелер Қазақстан азамат­та­ры­ның пікірін ескере отырып ше­шілетін болады», деді комитет төрағасы Владимир Волков.

Комитет хатшысы Қанатбек Сафинов жерге меншік­ құ­қы­ғы­на қатысты түзету туралы кез­десуге қатысушыларды ха­­бар­дар етті және басқа да ұсы­нылып отырған өзгерістер қа­зақ­­стандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыт­тал­ға­нын атап өтті.

«Референдум – бұл консти­туция­лық құқығыңды өз бола­ша­­ғыңды таңдауға пайда­ла­нудың мүмкіндігі. Сіздер, жас азаматтар үшін рефе­рен­­думға қатысу тарихи оқиға», деп атап өтті сенатор Андрей Лукин.

Сенаторлар кездесу қоры­тын­дысы бойынша алдағы ре­фе­­рен­думға ғана емес, жүргі­зі­ліп жатқан реформаларға да белсенді қатысуға шақыр­ды және университет студент­те­рі­нің сұрақтарына жауап берді.

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова елордалық медици­на университетінің студент­те­рі­мен және ұжымымен кездесіп, болашақ дәрігерлермен бірге Ко­нс­титуцияға енгізілетін түзе­ту­­лерді талқылады.

Сенатор кездесуге қатысу­шы­лар­ға Конституцияға ен­гі­зі­летін өзгерістер мен то­лық­тырулар туралы айтып, алда­ғы референдумды өткізу мәсе­ле­ле­рін талқылады.

«Конституцияға енгізу көз­де­ліп отырған өзгерістер Қа­зақ­­станда тарихи оқиға және ел азаматтарының көп жыл­­ғы талаптары болып отыр. Осы­ған байланысты халықтың мем­ле­кет­ті басқаруға тікелей қаты­суына әкелетін өзгерістер өте көп», деді Ақмарал Әлна­за­рова.

Ол сонымен қатар меди­ци­налық сала қызметкерлері мен студент жастардың рефе­рендумға белсенді қатысуы­ның маңыздылығын атап өтіп, жүр­гізіліп жатқан Консти­ту­ция­лық реформада көтерілген мәсе­лелердің зор ауқымына қаты­су­шылардың назарын аударды.

Университет студенттері мен оқы­тушылары өз кезегінде рес­пуб­ликалық референдумға қа­тысуға дайын екендіктерін біл­діріп, Конституцияға енгізі­ле­тін түзетулерді қолдай­тын­да­рын айтты.

Бөлісу:
Студенттер шет қалмауы керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар