Қаржы
2 мин оқу 540

Тұрақты даму бағытындағы стартаптар

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана&raquo; халықаралық қаржы орталығына қарасты Tech Hub және ТМД елдері мен шетелдік стартаптарды Mastercard халықаралық төлем жүйесі Mastercard Sustainable Banking Challenge байқауына қатысуға шақырып отыр. Бұл туралы аталған орталықтың бас&shy;пасөз қызметі хабарлады.</p>

Тұрақты даму бағытындағы стартаптар

Байқаудың мақсаты – қа­зақ­­стандық банктер­ге үздік қар­­жылық-техно­ло­гия­лық ұжымдармен нәтижелі ынты­мақ­тастықты құрып, тұрақты бан­кингті дамыта отыра ESG-тәуекелдердің (Эко­логиялық, әлеуметтік және кор­поративтік басқару саясаты) кең спектрін басқаруға жәрдемдесу. Оның басты бағыт­тарына қаржы­лық инклю­зивтілік, атап айтқан­да қаржылық сауаттылықты арттыру, өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіп­керлер үшін тиімді шешім­дер әзірлеу, сондай-ақ көмір­тегі ізін бақылау, қағазсыз банкинг, клиенттердің эко­ло­гиялық жауапкершілігін арт­тыруды көздейтін «жасыл» банкинг пен ішкі үрдіс­терді автоматтандыру мен киберқауіпсіздікті күшейтуді қарастыратын ішкі тұрақты даму саласы жатады.

«Қаржы технологияла­ры дағдарыстан кейінгі кезең­де тұрақты және инклю­зив­ті ортаны қалпына кел­тіруге көмектесетініне сенім­діміз. Орнықты дамудың қазіргі және ұзақ мерзімді мін­дет­терін іске асыруда қаржы саласының маңызы зор. Мұны реттеуші органдар, тұты­нушылар, инвесторлар және тұтастай қоғам жақсы түсініп отыр. Бұл әсіресе экология, климаттың өзгеруі, корпоративтік басқару және әлеуметтік жауапкершілік, ашықтық және есептілік, қар­жылық қызметтерді ұсыну­дағы тепе-теңдікке қатысты. Сондықтан биыл осы бағыт­тарды қолдаймыз деп шешім қабылдадық. Байқауда қы­зықты ұсыныстар болатынына үміт артамыз», деді Mastercard халықаралық төлем жүйесінің Орталық Азиядағы бас директоры Рафал Трэпка.

Отандық банк секторын­дағы инновацияларды дамыту – АХҚО-ның Tech Hub қызметіне кіретін басым бағыт­тардың бірі. Бұл ретте аталған орталық Mastercard-пен бірлесіп байқау өткізуге қуана келісті.

«Аталған байқау тұрақ­ты банкинг және ESG-бастама­лар саласындағы шешім­дер­ге арналған. Осы сала біздің нарықта қарқынды дамып келеді. Сөзсіз, бұл еліміздің орнықты дамуына оң ықпал етеді. Осындай маңызды саланы белсенді қолдағаны үшін Mastercard пен байқаудың серіктес банктеріне риза­шылығымызды білдіреміз», деді АХҚО Tech Hub төр­ағасының орынбасары Бекжан Мұтанов.

АХҚО-ға қарасты Tech Hub серіктес банк­тер таң­даған бағыттарға сәй­кес ше­шімдердің техно­логия­лық скаутингін (Ашық инно­вациялық стратегия­­ның бір бөлігі ретінде үлкен ­пайда әкелетін, технологиялық мә­селелерді шешіп өнімді әзір­леуге, өз ресурстарын оң­тай­ландыруға, жаңа серік­тестер тауып, рево­люциялық техно­логияларға жол ашуға көмектесетін элемент) жүр­гізіп, банк өкілдері және Mastercard сарапшыларымен бірге үздік стартаптарды ірік­тейді. Оның нәтижесінде үздіктер Қазақстан нары­ғын­да жаңа клиенттерді табуға мүмкіндік алып, өз өнімде­рін еркін саудалайтын болады.

Байқауға қатысушылар Mastercard-тың қолдауымен жарыстың бір немесе бірне­ше серіктес банкімен (10 мың доллар сомасына дейін) қанат­қақты жобаны іске қосу мүмкіндігіне ие болады.

Бөлісу:
Тұрақты даму бағытындағы стартаптар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар