Әлем
1 мин оқу 175

Әлемде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

23-29 мамыр аралығында әлемде коронавирус жұқтырудың 3,3 миллионнан астам жағдайы тіркелді, бұл өткен аптамен салыстырғанда 11%-ға аз, деп хабарлайды Egemen.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтына сілтеме жасап.

Апта ішінде қауіпті вирустан 9600-дан астам адам көз жұмған, бұл көрсеткіш 3%-ға азайды.

Есептік кезең ішінде жаңа инфекция жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та (736 298 жаңа оқиға, +3%), Қытайда (576 367, +6%), Аустралияда (294 128, -18%), Жапонияда (203 365, - 18%) және Германияда (183 844, -38%) анықталған. Бір аптада жаңа өлім-жітім оқиғаларының ең көп саны АҚШ-та (2 46 өлім жағдайы, +25%), Бразилияда (826, +16%), Италияда (624, -15%), Ресейде (605, -11%) және Қытайда (578, +82%) тіркелді.

2022 жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша әлемде коронавирустың 526 миллионнан астам расталған жағдайы мен 6 миллионнан астам өлім фактісі тіркелді.

Бөлісу:
Әлемде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар