Экология
1 мин оқу 464
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде аю фототұзаққа ілінді
<p style="text-align: justify;">Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
«Алтын – Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қызыл кітапта тіркелген сирек кездесетін «Тянь – Шань» қоңыр аюы фототұзаққа түсті», делінген әлеуметтік желідегі парақшада.
Ұлттық парк мәліметінше, зерттеушілер алдағы уақытта бақылау жұмыстарын жалғастыратын болады.
Бөлісу: