Референдум
2 мин оқу 410

Халық пен биліктің диалогы

<p style="text-align: justify;">Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған &laquo;Қазақстанда референдум өткізілуінің мақсаттары мен міндеттері&raquo; атты дөңгелек үстел өтті. Университет ұстаздары мен студенттері еліміз саяси өзгерістерді бастан кешіріп жатқан қазіргі уақытта әрбір тұрғынның дауысы маңызды екендігін баса айтты.</p>

Халық пен биліктің диалогы

Филология ғылымдарының кандидаты, «Жұбановтану» ғы­­лы­ми-зерттеу орталығының же­­тек­ші­сі Мұхтар Миров 5 мау­сымда болатын референдумға университет ұжымы бір кісідей атсалысуға дайын деген пікірде. Осы кезге дейін оқу орны қа­бырғасында конституциялық реформаның 45 бағыты бойын­ша жүйелі іс-шаралар өт­кізіл­ген.

«Қазақстан қоғамы саяси ре­­­фор­малар табалдырығында тұр. Мұның негізгі бағыттары – суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тарту, билік өкілет­тік­терінің қайта бөлінісі, Пар­ла­менттің рөлі мен мәрте­бе­сінің өзгеруі, халықтың ел басқару ісіне араласуы, азаматтардың құқын қорғау тетіктерінің күшейтілуі. Біз енді қоғамдық-саяси жаңару бағытына бет түзейміз, рефор­малар жемісін халық көп кешік­пей сезіне бастайды», деді уни­вер­ситеттің қазақ тілі мен филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Гүлжан Шоқым.

Доцент Нұрбол Сәдуақас ре­фе­рен­думның тарихи мәні мен ма­ңызына тоқталды. «Конс­ти­туция мен басқа да маңызды заң­дар­ға өзгерістер ел тұрғын­да­ры­ның ұсыныс-пікірлері арқылы жолға қойылады. Сол үшін әр отандасымыздың референдумға қатысуы өте маңызды. Азамат­та­ры­мыз өте белсенді, кей ұлт жан­ашырлары қазақ тілінің мәр­те­бе­сін көтеру туралы да ұсыныс біл­дірді. Расында да, қазақ тілінің басқа тілдермен бәсекелестікке төтеп беруі үшін не істейміз деген сұрақ бәрімізді де ойландыруға тиіс», деді ол.

Құқықтану кафедрасының оқытушысы Лаура Тайжанова ел Конституциясына енгізуге ұсы­ныл­ған өзгерістер мен толық­ты­рулар бойынша түсіндірме жасады. Ол Конституциялық реформа қоғамның сұранысы мен ұсынысынан туындағанын айта келе, Президенттің саяси реформаларды жүзеге асыру мақсаты – билік пен халықтың арасында диалог құру екендігіне тоқталды.

Оқытушылық құрамды Конс­ти­­ту­циялық Кеңес пен Конс­ти­туциялық сот өкілеттіліктерінің айырмашылығы қызықтырды. Жаңа өзгеріс бойынша Конститу­ция­лық сот он судьядан тұрса, оның алтауын Парламент, төртеуін Президент тағайындайтын болады. Конституциялық Кеңеске қа­тысты сұрақтардың аудандар­ды аралағанда бірнеше рет кө­те­ріл­генін атап өтті универ­ситет оқытушысы, доцент Нұрдәулет Алдашев. Оның айтуынша, жұрт Конс­титуциялық сот пен Конс­ти­туциялық Кеңестің айырма­шы­лығын білгісі келеді. Ендігі жерде Конституциялық сот та­ғайын­дайтын судьялар тәуелсіз бо­лады, құқықтық органдардың заңдары мен шешімдерін осы жоғары құзырлы орган ғана жоя алады. Конституциялық Кеңесте қаралған мәселе бұрын тіке­лей Президент төраға­лы­ғы­мен ше­ші­ліп, Кеңес төра­ғасы көте­ріл­ген мәселенің Консти­ту­ция­ға сәйкес не сәйкес еместігін анықтаумен шектелетін.

Оқытушылық құрам мен студенттер қоғам күткен өзгерістер заң­мен бекітілсе, оны орындау әрбір саналы азаматтың жауап­кер­шілігіне жататындығын атады. Пікірталасқа қатысушылар референдум азаматтық қоғам­ға жетектейтін жол деген қоры­тын­ды­ға келді.

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Халық пен биліктің диалогы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар