Спорт
2 мин оқу 190

Ұлттық құрама көшбасшыларымен ойнады

<p style="text-align: justify;">Халықаралық балаларды қорғау күніне және Қазақстандағы Балалар жылына орай елордада футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары болашақ жас чемпиондармен &laquo;Достық матчын&raquo; өткізді. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жолдастық ойын Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайына жиналған көрермендерге нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады.</p>

Ұлттық құрама көшбасшыларымен ойнады

Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 2010 жылы туған ең үздік жас спортшылар былтырғы әлем чемпионатының төртінші орын иегерлері және Еуропа чемпионатының қола жүлдегерлерімен терезесі тең ойын көр­сетті. Бас бапкер Какау бастаған, қақпа­шы Игита мен алаңдағы ойыншылар Аль­берт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұр­сағұлов, Шыңғыс Есенаманов, Эдсон сынды саңлақтар қоштаған жұлдыз фут­залшылар жас өрендерден айласын асыра алмады. Аса тартысты өткен ойында 16 гол соғылып, матч тең есеппен аяқталды.

Ойын жолдастық кездесу ретінде бол­ғанымен, алаңда қос тарап бір-біріне дес берген жоқ. Ешкім де аянып қалғысы келмеді. Игитаның алыстан тепкен добынан кейін есепті бірінші болып ашқан ұлттық құрама ойыншылары бірінші таймда 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші таймда да ойын қарқынды бас­талып, кездесу әдеттегідей алма-кезек ша­буылға ұласып жатты. Бірақ болашақ чемпиондар да қарап қалған жоқ. 1:5 есебімен жеңіліп жатып, матч соңына дейін таразы басын теңес­тіріп кетті. Кездесудің аяқта­луына бір минут қалғанда Альберт Ақбалы­қов таблодағы көрсеткішті 8:7-ге жеткіз­генімен, ұлттық құрама ойыншылары жеңісті уысында сақтай алмады. Соңғы шабуылдарын сәтті өткізген жас өрендер есепті теңестіріп үлгерді. Қорытынды есеп – 8:8.

Жолдастық кездесу аясында Мәде­ниет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футзалдан Еуро-2022 доп додасында 7 гол соғып, тур­нирдің үздік сұрмергені атанған Біржан Оразовқа марапатын ресми табыстап, ҚФФ футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаевты алғыс хатпен марапаттады.

Ал ойынға қатысқан кішкентай балаларға ұлттық құрама мүшелері естелік сыйлықтар табыстап, көрер­мендер мен жанкүйерлер футзал жұл­дыз­дарымен естелік суретке түсті.

Бөлісу:
Ұлттық құрама көшбасшыларымен ойнады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар