Теннис
1 мин оқу 173

Үздік ондықтың қатарында

<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстан әйелдер құра&shy;масы әлемдік рейтинг тарихында тұң&shy;ғыш рет ең үздік он құраманың қата&shy;рына қосылды. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Үздік ондықтың қатарында

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингіне сай, ел құрамасы 16-орыннан бірден жеті саты жоғарылап, 9-орынға көте­рілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Поль­ша секілді алпауыт командаларды артқа қалдырып, ТОП-10 құраманың қатарынан табылды. Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингте алғашқы 10 команда былайша орналасты: 1. Аустралия – 1002,71 ұпай 2. Франция – 885,6 3. Испания – 884,62 4. Чехия – 842,92 5. Швейцария – 881,81 6. Канада – 780,09 7. АҚШ – 758,09 8. Словакия – 744,23 9. Қазақстан – 704,75 10. Германия – 702,52.

Айта кетейік, биылғы Билли Джин Кинг ку­богының финалдық кезеңі 8-13 қараша ара­лығында өтеді. Әзірше қай елде ұйымдастырылатыны белгісіз.

Бөлісу:
Үздік ондықтың қатарында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар