Экономика
1 мин оқу 445

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

<p style="text-align: justify;">ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілдеде тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру қажет. Бұл туралы бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бейнеконференция форматында өткен отырысында айтылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. Оған Қазақстан атынан энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

«Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бөлісу:
Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар