Аймақтар
1 мин оқу 510

Баянауыл ұлттық паркі өртеніп жатыр

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысындағы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Баянауыл ұлттық паркі өртеніп жатыр

«2 маусым күні сағат 12.10-да Баянауыл ауданында МҰТП аумағында Жасыбай орман шаруашылығы 17 орам, 32 учаске және Баянауыл орман шаруашылығы шекарасында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт Тақыр тау сияқты жету қиын жерлерде болған. Сонымен қатар сөндіру жұмыстарына қатты жел бөгет болып отыр», дейді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.

Қызыл жалын шамамен 10 гектар алқапқа таралған. Өртті сөндіруге 40-қа жуық техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды. Сондай-ақ әкімдік жіберген 30 адам бақылау күзетінде тұр. 

Кеше басталған өрттің беті қайтқанымен зардаптарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрттің шығу себептері, жалпы аумағы мен келтірілген шығын көлемі әлі анықталған жоқ.

Салтанат Кенжебай

Бөлісу:
Баянауыл ұлттық паркі өртеніп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар