Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Брешия (Италия) ITF W 60 жарысының финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Қазақстандық теннисші латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда осы турнирдің үшінші ракеткалары, румыниялық Андрея Пришакариу - италиялық Камилла Розателломен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-латвиялық жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:1. Матч бір сағат 18 минутқа созылды.
Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич финалда италиялықтар Нурия Бранкаччио - Лиза Пигато немесе швециялық Юлита Санер - болгариялық Юлия Пержийска жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.