Аймақтар
1 мин оқу 335

Жамбыл облысының әкімі референдумға қатысып, дауыс берді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов отбасымен бірге Тараз қаласындағы №53 мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып, жалпыхалықтық референдумға дауыс берді. Жалпы облыс бойынша барлығы 492 сайлау учаскесі құрылып, қазіргі кезде кестеге сәйкес жұмыс атқаруда, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облысының әкімі референдумға қатысып, дауыс берді

№50 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізімінде 2779 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 9 мүмкіндігі шектеулі азамат, 5 көзі нашар көретіндер, 3 есту қабілеті нашар және 1 тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар бар.

Референдум комиссиясының төрайымы Эльмира Қойлыбаеваның айтуынша, аталған азаматтарға дауыс беру үшін арнайы мүмкіндіктер қарастырылған.

«Қазіргі таңда 5 азамат үйден дауыс беруге өтініш берді. Соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбаев пен 4 еңбек ардагері сайлаушылар тізіміне тіркелген. Сайлаушылар таңертеңнен бастап сайлауға белсене атсалысуда», дейді Эльмира Қойлыбаева.

Бөлісу:
Жамбыл облысының әкімі референдумға қатысып, дауыс берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар