Референдум
1 мин оқу 452

Қазақстанымыз көркем елге айналса екен – Илья Жақанов

<p style="text-align: justify;"><span class="s2"><span class="bumpedFont15">Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов</span></span>&nbsp;референдумда дауыс берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанымыз көркем елге айналса екен – Илья Жақанов

Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Атырау қаласындағы №7 учаскеде тіркелген. Бүгінгі бүкілхалықтық референдумнан тыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс берді.

«Бұл референдумның Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор. Біз – Ата заңымызды ерекше құрмет тұтатын халықпыз. Сол себептен, ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға дауыс беру – ел үшін, қоғам үшін қажет қадам. Бұл өзгеріс бүгініміз бен болашағымыз үшін ерекше мәнге ие. Халықтың бүгінгі таңдауы өздері үшін игілікті, әділ әрі әділетті болса екен. Осы референдумның нәтижесінде Қазақстанымыз жан-жақты дамып, көркем елге айналса екен деген тілегім бар. Ұрпағымыз осы өзгерістің игілігін көрсе екен», деп пікір білдірді Илья Жақанов.

Бөлісу:
Қазақстанымыз көркем елге айналса екен – Илья Жақанов · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар