Референдум
1 мин оқу 292

Жансая Әбдімәлік референдумда өз таңдауын жасады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Алматыдағы №557 референдум учаскесінде дауысын берді. Учаскеге ол әкесімен бірге келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жансая Әбдімәлік референдумда өз таңдауын жасады

«Жеке есебім бойынша, бұл - мен қатысып жатқан екінші саяси науқан. Алғашқы рет 2019 жылы Президент сайлауында дауыс бергенмін. Референдум – біздің еліміз үшін ауқымды тарихи оқиға. Мен үшін бұл алдымен өзімнің азаматтық позициямды білдіруге болатын мүмкіндік деп санаймын», деді Жансая Әбдімәлік.

№557 учаскесі сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Бахинаның айтуынша, бұл учаскеде 2 264 адам тіркелген.

Таңертеңнен бері 250-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Жансая Әбдімәлік референдумда өз таңдауын жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар