Референдум
1 мин оқу 1,020

Маңғыстау облысында ғасыр жасаған әже дауыс берді

<p style="text-align: justify;">Бейнеу ауданында ғасыр жасаған әже бүкілхалықтық референдумға қатысып, жастарға батасын берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Маңғыстау облысында ғасыр жасаған әже дауыс берді

Қалиева Сырға Тілеубайқызы 1922 жылы 1 қаңтарда Бейнеуде дүниеге келген. Биыл әже 100 жасқа толды. Бейнеу халқына «ғасыр әже» деген атпен танымал кейуана өз учаскесіне барып, ел игілігі үшін дауысын берді.

смисчм

«Жастардың бастамасы оң болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді мына жастар қиындық көрмегей. Соғыс пен ашаршылық болмағай. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!» деп Сырға әже батасын берді.

Бөлісу:
Маңғыстау облысында ғасыр жасаған әже дауыс берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар