Елорда
1 мин оқу 230

Елордада референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

№42 тіркеу учаскесіне арнайы өтініш берген Гүлсім Ахметжанова – І топ мүгедегі. Еліміздегі маңызды іс-шарада өз еркімен азаматтық таңдауын жасады.

м«Осы уақытқа дейін көп жыл дәрігер болып жұмыс істедім. Қазір денсаулығым мәз емес. Бірақ референдум күні 5 маусым деп белгіленгенде жолдасыма өтініш жазуды тапсырдым. Себебі дауыс беруден қалыс қалғым келмеді. Осылайша, үйдің қасындағы №42 учаске комиссиясы арқылы дауыс беріп отырмын», деді ол.

2019 жылдан бері ауырып, көру қабілеті нашарлаған Бифатима Бауыржанова да өз таңдауын жасағанына қуанып отыр.пчиа

«Бұрын мұғалім болып қызмет еттім. Бүгінгі іс-шара халық үшін маңызды. Сол үшін арнайы комиссияға өтініш жаздық. Дауыс бергеніме қуаныштымын. Елімізде тыныштық болғай!» деді ол.

Бөлісу:
Елордада референдумға көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қатысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар