Жамбыл облысы халқының 67,3 пайызы дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысы бойынша құрылған 492 референдум өткізу учаскесі кестеге сәйкес жұмыс атқаруда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өңірде дауыс беруге құқы бар азаматтарды дауыс беру күні, уақыты, орны туралы хабардар ету бойынша қажетті шаралар қабылданған. Референдум жұмысына жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысуда.
Бүгін сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, Жамбыл облысында дауыс берушілердің саны 463 мың 410 адамға жеткен. Бұл дауыс берушілердің 67,3 пайызын құрайды.
Сондай-ақ аймақтағы 18 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуынша, бұл облыс аумағындағы әскери бөлімдердегі, ауруханалар мен емдеу орталықтарында орналасқан учаскелер болып табылады.