Референдум
1 мин оқу 242
Алғаш рет дауыс берген студентке тәтті тарту жасалды
<p style="text-align: justify;">Өскемендегі сайлау учаскелері таңғы сағат жетілерде ашылды. №79 учаскеде дауыс бергендер арасында алғаш рет дауыс беруге келіп тұрған Балжан Оралбек те бар деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің бірінші курс студентімін. Бүгін бірінші рет дауыс беруге бардым. Мен ел азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Өйткені Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларда халықтың мүддесі жатыр. Әрі бұл жаңа Қазақстанды қалыптастырудың алғышарттары деп білемін. Сондықтан, барша халықты дауыс беруге, дұрыс таңдау жасауға шақырамын» дейді студент.
Бөлісу: