Референдум
1 мин оқу 831

Жан аямай жұмыс істеу керек

<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміз үшін маңызды күн &ndash; референдумда дауыс беру әр қазақ&shy;стандықтың борышы болуға тиіс. Мен Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты ел&shy;дің бірі санаймын.</p>

Жан аямай жұмыс істеу керек

Біздің қазіргі Пре­зи­­дентіміз барлық күш-жігерін елдің да­­муына жұмсайды деп сенемін. Жас­тарымыз жұмыс істеуі керек, өз күш­терін, білімі мен ақыл-ойын мемлекеттің игілігіне жұмсауы қажет. Өйткені өмі­рі­міздің ең жарқын жылдарын қолы­мыздан келгенше ел игілігі мен өнерінің өркендеуі жолына жұмсадық, ал ендігі жерде біздің орнымызды басатын – жас­тар. Қазір біз тек даму үшін ғана емес, бас­­­қа мемлекеттермен бәсекеге түсе ала­­тын қуатты республика мәртебесіне же­ту үшін де жан аямай жұмыс істеуіміз керек.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,

КСРО-ның халық әртісі

Бөлісу:
Жан аямай жұмыс істеу керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар