Референдум
2 мин оқу 751

Ел тағдыры үшін жауапты іс

<p style="text-align: justify;">1995 жылғы алғашқы референдумға мен тек дауыс беруші ретінде ғана емес, тікелей ұйымдастырушы болып штабта жұмыс істедім. Ол кезде мемлекеттік қызметте едім, Президент Әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің бірінші орынбасары болғанмын.</p>

Ел тағдыры үшін жауапты іс

Тәуелсіздіктің алғаш­қы жылдарында халықтың көңіл күйі жоғары болғандығы белгілі. 1995 жыл­ғы референдумда саяси өрлеу үстін­де өтті десек ешқандай артық айт­қандық емес. Бірінші референдум Мем­лекет басшысының өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде болды. Халық ол ұсынысты қолдады. Өйт­кені ол кезде қайта-қайта сайлау жасап шаршаудың қажеті шамалы еді, екі тізгін, бір шылбырды бір қолға беріп, президенттік билікті күшейту қа­жет болатын. Екінші референдум Қазақ­станның жаңа Конституциясын тал­қылауға байланысты. Осы бағытта да үлкен жұмыс жүргізілді. Әлі есімде, 90 пайыз халық референдумды қолдады, 10 пайызы қарсы дауыс берді. 7 млн-нан астам адам қолдап, 800 мыңнан астамы қарсы дауыс берген болатын.

Қай мемлекеттің тұрпатын да, таби­ғатын да, тағдырын да, тыныс-тіршілігін де бәрінен бұрын Конституциясы айқын­дайды. Жаңа Қазақстанды құрудың Конституцияны жаңартудан басталып отырғаны сондықтан.

Бұл жаңарту – түбегейлі жаңарту. Конституцияның 33 бабына түзету енгі­зілмекші. Ал мұның өзі бүкіл Консти­туциядағы баптардың үштен бірі.

Реформаның кей бағыттарын санамалап шықсақ та өзгеріс көп бола­тынын аңғарта аламыз. Биліктің әсі­ре суперпрезиденттік моделінен прези­денттік республика моделіне ауысу жүзеге асырылмақшы. Билік тармақ­тарының өзара қарым-қатынасының тиімді, теңгерімді үлгісі жасалмақшы. Мемлекет пен қоғамның үнқатысуы­ның жаңа сипаты орнықтырылмақшы. Пар­ламенттің рөлі арттырылмақшы. Мәжіліске заңды қабылдау құқы беріл­мекші. Мәжіліс депутаттарын сайлау бұрынғыдай бір жолмен емес, екі жолмен, яғни партиялық тізімдер бойынша және бір мандатты округтер бойын­ша жүргізілмекші. Жұртшылықтың елді басқаруға қатысуы кеңейтілмек­ші. Адам құқын қорғау күшейтілмекші. Кон­сти­туциялық Сот құрылмақшы. Жо­ғары аудиторлық палата енгізілмекші.

Өмірімізге енетін өзгерістер Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілет­тіктерін едәуір ықшамдайды. Бірақ Мемлекет басшысы осы қадамға өзі бас­та­машылық жасап отыр. Бұл өзгеріс­терді Қасым-Жомарт Кемелұлы халық­тың өкілеттіктерін барынша кеңейту үшін ұсынып отыр. Қазақстанда демо­кратияның дамуы, адам құқының қазір­гіден жақсырақ қорғалуы, жұрт­шы­лықтың өз елінің тағдырына жауапкер­шілігі арта түсуі үшін ұсынып отыр.

Референдум – бәріміз үшін тағдыр­шешті мәселе. Еліміздің қандай ел болатыны, Қазақстандағы демократияның қалай дамитыны азаматтарымыздың референдумдағы ұстанымына, ел тағ­дыры үшін жауапкершілігіне тікелей қатысты.

 

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

Мәжіліс депутаты

Бөлісу:
Ел тағдыры үшін жауапты іс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар