Референдум
1 мин оқу 363

Әділеттілік болса деген арман бар

<p style="text-align: justify;">Қоғамға бір өзгерістің керектігі анық сезілген еді. Сол тұрғыдан алып қарағанда негізі конституциялық реформаларды қамтыған жалпыхалықтық референдумның өткізілгені дұрыс болды.</p>

Әділеттілік болса деген арман бар

Саяси науқанға алғашқылардың бірі болып барып, таңмен таласа дауыс бердім. Болашақ ұрпақтың жарқын келе­шегі үшін өз таңдауымды жасадым.

Өнер адамдарының барлығы да саяси науқаннан тыс қалмағанына сенім­­дімін. Конституцияның 33 бабына ен­гізілетін өзгерістердің барлығын толық­­тай қолдаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың супер­пре­зиденттік басқарудан бас тартып, ықпалды Парламент құруға деген ниеті көңіл қуантады. Қазақстан Президенті Жаңа Қазақ­стан идеясын ұсынғаны мәлім. Соның негі­зінде әділетті қоғам құру жолында жан­кешті жұмыстар атқарылып жат­қа­нына ешкімнің күмәні жоқ. Барша­мыз­дың көкейімізде әділеттілік болса де­ген арман тұрды. Енді сол арманымыз ақи­қатқа айналатын кез келді. Сол үшін де мен білетін өнер адамдарының бар­лығы өз таңдауларын жасады. Олар жаңа тұр­паттағы Қазақстанның жарқын қадам­дарын көргісі келеді. Біздің де ой солар­дың пікірімен бір арнаға тоғысып тұр. Билік­тің заңды Парламент арқылы қа­был­дамай, халықпен ақылдасқаны көңіл­ге қонды. Жаңа биіктерге ұмтылған әді­летті қоғамымыздың келешегі кемел болсын!

Тілектес МЕЙРАМОВ,

Қазақстанның халық әртісі

Бөлісу:
Әділеттілік болса деген арман бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар