Референдум
1 мин оқу 530

Жаңашылдықтың бастауы болсын

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіз Қазақстан үшін бүгінгі күн тарихи тұрғыда зор маңызға ие екені даусыз. Осынау жауапты күнде жауап&shy;кершілік жүгін сезініп, таңдауымызды жасап отырмыз.</p>

Жаңашылдықтың бастауы болсын

Мемлекетімізді демократиялық үр­діс­терге сай дамытудың бір жолы – ре­фе­рендум. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол үшін де кон­ституциялық реформаны Парламент арқылы қабылдамай, халықтың талқы­сына салғанды жөн деп шешті. Бұл әлбетте құптарлық қадам. Жаңа Қазақ­станды қалыптастыру бағытында қол­ға алынған саяси науқанға отан­даста­рымыздың ағылып келіп жатқанын көрдім. Олардың барлығы да жаңа өзге­рістердің болғанын қалайды. Дауыс беру процесі ашық түрде өтіп жатқанын аңғардым. Ең бастысы да сол.

Қай-қайсымыздың көкейімізде тәуел­сіз Қазақстан азаматтары бақытты өмір сүрсе деген тілектің атойлап тұрғаны ақиқат. Сол тұрғыдан алып қарағанда, референдум жаңашылдықтың бастауы болса деген тілек бар. Егемен еліміз өркен­дей берсін!

Сәкен БИБОСЫНОВ,

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы

Бөлісу:
Жаңашылдықтың бастауы болсын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар