Білім
2 мин оқу 863

Білім бақытты болашаққа бастайды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды &laquo;Балалар жылы&raquo; деп жария&shy;лап, балалардың болашағын қалыптастыру мақсатында нақты міндет жүктеген болатын. Президент тапсырмасына орай, Тараз қаласында &laquo;Бақытты болашақ&raquo; оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсіміне жиналған көпшілік әуелі ғимаратты аралап көрді. Сондай-ақ оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары бойынша ұйымдастырылған көрмені тамашалады.</p>

Білім бақытты болашаққа бастайды

Жиынға Жамбыл облысы­ның әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, бүгінде облыста көркемөнер, музыкалық, ғы­лы­ми-техникалық, әскери-патриоттық бағыттағы қосым­ша білім беретін 75-тен ас­там мектептен тыс ұйым ашыл­ғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Өскелең ұрпақтың балалық шағының қамсыз, бақытты өтуін қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. Бүгінгі таңда Жамбыл облысының балабақшаларында 57 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. 244 мың бала мектептерде, 23 мың студент колледждерде бі­­лім алуда. Білім беру сапасын арттыру мәселелерімен қатар, балалардың бос уақы­тын ұйымдастыру да назардан тыс қалған емес. Жаңа оқушылар сарайында жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Ел Президенті атап өткендей, балалардың әл-ауқа­ты – мемлекетіміздің табысты болашағының се­німді кепілі», деді Нұржан Нұржігітов.

Ал еліміздің Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, балаларға қосымша білім бе­ру­дің республикалық оқу-әдістемелік орталығының ди­ректоры Раиса Шер жаңа оқу­шылар сарайы балалар үшін де, педагогтер үшін де инновациялық алаңға айналатынын жеткізді.

«Қазіргі уақытта еліміз­де барлығы 1 523 мектептен тыс ұйым жұмыс істей­ді. Бұл өте жақсы көрсет­кіш. Оқушылардың кәсі­би даярлыққа дейінгі тыңғы­лықты дайындығын ұйымдастыру үшін күш-жігерімізді біріктіру – аса маңызды. Жастар болашақ мамандығын сенімді түрде таңдап, креативті, белсенді азаматтық ұстаным иесі болуы тиіс», деді Раиса Шер.

Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаева, Ресейдің Челябі қаласынан келген «Кванториум» технопаркінің басшысы Иван Шмидт, «R4 Technology & Research Center» білім беру және зерттеулер орталығының директоры Айдын Түсіпжанов, Lakeview school Almaty директоры Гүлнар Қарамендинова, Тараз сервис және технология колледжінің түлегі Бағлан Жақсыбеков және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 3-курс студенті Азамат Нәмелбек сөз сөйлеп, педагогтер мен оқушыларға табыс тіледі.

Оқушылар сарайының ашылуына орай мектептен тыс ұйымдардың бейіні бойынша педагогтер мен мамандарға арналған «Қосымша білім бе­рудегі инновациялар: идея­дан бастап іске асыруға дейін» тақырыбында респуб­ли­ка­лық құрылымдық диа­ло­­гы өтті. Қатысушылар пікір алмасып, ой бөлісті. Жал­пы, «Бақытты болашақ» оқу­шы­лар сарайында робот­тех­ника, 3D-модельдеу, авиа­модельдеу, кеме модель­деу, қазақ және қазіргі за­ман­ғы сәндік-қолданбалы өнер, ландшафтық дизайн каби­неттері мен сәулет және дизайн мектебі, коворкинг орталығы бар. Сонымен қатар мұнда барлығы 81 үйірме жұмыс істейтін болады.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Білім бақытты болашаққа бастайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар