Алматыда ірі сауда орталығы өртенді
<p style="text-align: justify;">Алматыдағы «Самал» шағынауданында орналасқан ірі сауда орталығы отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Әлеуметтік желіде «Life town» сауда орталығына жапсарлас орналасқан бургер және дөнер дайындайтын дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Жалын сауда орталығын да шарпыған.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 6 мамыр күні таңғы 5:45 шамасында шыққан.
«Дөнер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де (5 минутта) келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады департаментен.
Оқиға орнына 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды.