Қазақстан
1 мин оқу 330

Бір ай ішінде полицияға мыңнан астам қару тапсырылды

<p style="text-align: justify;">ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек бір ай ішінде полицияға 1192 бірлік атыс қаруы тапсырылғанын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ІІМ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акцияны жалғастыруда. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында төлем көзделеді», дейді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, акция өткізілген айда полицияға 1192 дана атыс қаруы өз еркімен тапсырылған.

«Өткізілген қарудың ішінде 1 автоматты ойық, 179 ойық ұзын ұңғылы, 4 ойық қысқа ұңғылы, 996 тегіс ұңғылы, 12 травматикалық, 5 жарылғыш құрылғы және шамамен 9,5 мың ойық ұңғылы қарудың патрондары бар», деді Ш. Тұрлыбек.

Ол қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізілетінін еске салды. Жарақаттың алдын алу үшін ІІМ-де жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамау ұсынылады.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Бөлісу: