Франциядағы қазақтар «Әлем» атты қауымдастық құрды
<p style="text-align: justify;">Париж қаласында өтіп жатқан «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы» негізінде «Әлем» атты қазақтардың жаңа қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қауымдастықтың ашылу салтанатына ҚР Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар Қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайту.
Өткізіліп жатқан іс-шараға «Әлем» қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен «Әлем» қауымдастығының Вице – президенті Скакова Майра қатысты.
Қауымдастық басшысы З.Имашова шетелге кетіп есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатынын айтты.
Салтанат Кенжебай