Әлем
1 мин оқу 340
Шанхай халықаралық кинофестивалі биыл өтпейді
<p style="text-align: justify;">2022 жылдың маусымында өтуі тиіс XXV Шанхай халықаралық кинофестивалі кейінге қалдырылды. Ұйымдастырушылар қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кинофестивальді 2023 жылы өткізетін болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Кейінге қалдырылған кинофестиваль бағдарламасын дайындау осы жылдың екінші жартысында басталады», делінген мәлімдемеде.
Айта кетсек, «Шанхай» – халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының аккредитінен өткен Қытайдың ірі кинофестивалі. 1993 жылы қазан айында мұнда тұңғыш рет 33 елдің 167 фильмі көрсетілген еді.
Салтанат Кенжебай
Бөлісу: