Аймақтар
1 мин оқу 200

Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

<p style="text-align: justify;">Бүгін Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

6 маусымда сағат 08.00 мен кешкі сағат 19.00 аралығында ескі тасжол жабынын алу үшін Сайын - Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың оңтүстік-батыс бөлігіндегі көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жаңа жабынды төсеу үшін Сайын - Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрықтың батыс бөлігі 6 маусымда сағат 22.00 мен 07.00 аралығында ішінара, ал 7 маусымда сағат 22.00 мен 8 маусымда сағат 06.00 аралығында толық жабылады.

Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. 

Бөлісу:
Алматы көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар