Экология
1 мин оқу 350

Жаңа табиғи аумақтар құрылады

<p style="text-align: justify;">Биыл шілдеден бас&shy;тап Батыс Қазақстанда &laquo;Бө&shy;кей&shy;орда&raquo; мемлекеттік та&shy;биғи резерваты мен &laquo;Ащы&shy;өзек&raquo; мемлекеттік табиғи қаумалы құрылады. Бұл ту&shy;ралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Ша&shy;лабекова аталған өңірге жұ&shy;мыс сапары кезінде айтты.</p>

Жаңа табиғи аумақтар құрылады

Жауапты ведомство өкілдері жергілікті халықпен кездесіп, киікке байланысты өзекті мә­селе көтерілді. Себебі Орал по­пуляциясындағы киіктердің саны 800 мыңнан асқан деседі. Халық осының салдарынан жайы­лымдық жерлерде төрт түлікке азық қалмайды деп алаңдаулы.

«Киіктердің көптігінен ша­руалар жапа шегіп жатыр. Жайы­лымға миллионға жуық киік келсе, ешқандай да шөп қалмайды. Бұлардың саны айтарлықтай көп. Қалай да азайту керек», деді Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылының тұрғыны Боранбай Айтқалиев.

Экология министрінің орын­басары киіктерді аулау үшін био­логиялық негіздеме ке­ректігін айтты. Сондай-ақ вице-министр шілдеден бастап өңірде ерекше қорғалатын таби­ғи аумақтар құрылатынын жет­кізді. Осы арқылы Орал попу­ляциясындағы 250 мыңдай киікті аталған аумақта ұстап тұру көзделеді.

«Бүгінде республикалық маңы­зы бар ерекше қорғалатын та­биғи аумақтар құру туралы қаулы шықты. Қаумалдың ау­да­ны 314 504,1 гектарды, резер­ват­тың ауданы 343 040,1 гектарға жетеді. Ол Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәні­бек, Казталов, Жаңақала аудан­дарының аумағында орналасатын болады. Мұнда киіктің 250 мың басына дейін сақталады», деді Ә.Шалабекова.

Қазақстан аумағында Бет­пақ­­дала, Орал және Үстірт сияқ­ты киіктердің әлемдік попу­ля­циясының 95%-дан астамы шоғырланған.

Бөлісу:
Жаңа табиғи аумақтар құрылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар