Спорт
1 мин оқу 226

Надальдың тарихи жеңісі

<p style="text-align: justify;">Теннистен Париждегі &laquo;Ролан Гар&shy;рос&raquo; турнирінің финалдық сайысы испа&shy;ния&shy;лық Рафаэль Надаль мен нор&shy;вег&shy;иялық Каспер Рууд арасында өтіп, ал&shy;ғаш&shy;&shy;қы&shy;сы&shy;ның айқын жеңісімен аяқталды.&nbsp;&nbsp;</p>

Надальдың тарихи жеңісі

Пиреней түбегі тарланының атағы алыс­қа жайылғанын барша жұрт жақсы біледі. Рууд та осал емес еді. Қазіргі кезде әлемнің сегі­зінші ракеткасы атанып отырған 23 жас­тағы скандинавиялық сайыпқыран АТР турнирлерінде сегіз рет топ жарған. Бірақ «Грунт королі» атанған саңлаққа оның әлі жетпеді. 2 сағат 18 минутқа созылған финалдық бәсекеде Надаль қарсыласын 6:3, 6:3, 6:0 есе­бімен ойсырата ұтты. Осылайша, ол өзінің туған кү­ніне тамаша сый жасап, «Ролан Гаррос­тың» 14 дүркін чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, «Рафа» 3 маусымда 36 жасқа толды.

Одан бөлек Испанияның мақтанышы US open додасын – төрт, Аустралияның ашық біріншілігі мен Уимблдонды – екі реттен ұтты. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыс­тардағы жеңістерінің жалпы саны – 22! Дәл осындай табысымен бірде-бір теннисші мақ­тана алмайды.  

Бөлісу:
Надальдың тарихи жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар