Үй арендасын субсидиялауға 19 мыңнан аса адам өтінім берді
<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">7 маусымға дейін берілген өтінім саны – 19 285, оның 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Оның көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, салық қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені.
Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:
- алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,
- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,
- қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887.
Еске сала кетейік, жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы 18 сәуірде іске қосылған болатын.