Оқиға
1 мин оқу 480

Ақтөбелік тұрғын танымал арақ брендтерін үйде әзірлеп келген

<p style="text-align: justify;">Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімін қолдан жасап сататын астыртын цехты анықтады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Күдікті өз үйінде әртүрлі атаудағы алкоголь өнімдерін өндіруді ұйымдастырып, дайын өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды, кейіннен Ақтөбе қаласында сатуды ұйымдастырған.

Тінту кезінде жалған акциздік маркалары бар «Qazaq aragy», «Синяя гора» және «Немирофф» дайын алкоголь өнімі, жасанды өнімді буып-түюге арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Ақтөбелік тұрғын танымал арақ брендтерін үйде әзірлеп келген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар