Президент
1 мин оқу 201

Президентке Ұлттық қордан бөлінген қаржының есебі берілді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы&nbsp;Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ Ұлттық қордан түрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.

Президент Наталья Годуноваға Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.

Бөлісу:
Президентке Ұлттық қордан бөлінген қаржының есебі берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар