Аймақтар
1 мин оқу 245

18 жастағы студент Каспий теңізіне батып кеткен

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Маңғыстау облысында 18 жасар жас жігіт суға батты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

7 маусым күні сағат 16:20 шамасында құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға батқаны жайлы хабар келіп түскен.

«Қайтыс болған жігіт - 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқып жүріп, сол оқу орнына қарасты №5 жатақханада тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр», деді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.

Бөлісу:
18 жастағы студент Каспий теңізіне батып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар