Бизнес
2 мин оқу 222

Кәсіпкер әйелдердің құқығы қорғалады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Бәйтерек&raquo; холдингі БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі бастамасына қосылды. Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарына қосылу туралы мәлімдемеге холдингтің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев қол қойды.</p>

Кәсіпкер әйелдердің құқығы қорғалады

Осылайша ұлттық компания Әйелдердің құқықтары мен мүм­кін­діктерін кеңейту қағидат­тарының (Women’s Empowerment Principles) жаһандық платформасында сәтті тіркелді.

Іс-шара кезінде «БҰҰ-әйел­дер» құрылымының Қазақстан­дағы өкілі Мария Доценко ком­па­ниялар мен бизнес құрылымдар ара­сында WEPs ілгерілету бойынша Қазақстанның Орталық Азияда көшбасшы болып табы­ла­тынын атап өтті.

«Пандемия бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қазақстандағы эко­номика мен бизнестің дамуы­на үлкен әсер етті. Сондық­тан біз «Бәйтерек» холдин­гінің Қазақстандағы алғашқы, пан­демиядан кейінгі кезеңде WEPs қағидаттарына қол қойған бастамасы ақ жол ашып отыр деп санаймыз. Біз холдингтің әйел­дердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағи­дат­тарына қосылуын құптай отырып, оның дәлелді ісі Қазақстанның басқа компаниялары үшін де үлгі болады деп үміттенеміз, деді М.Доценко.

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев холдингте БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Тұрақты даму мақсаттардың маңызды тұсының бірі – ген­дер­лік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту. Хол­динг өз қызметін жүзеге асыру ке­зінде тең мүмкіндіктер беру қағи­датын басшылыққа алады және өз қызметкерлерін, оның ішін­де гендерлік белгісі бойын­ша кемсітуге жол бермейді. Холдингтің БҰҰ баста­ма­сына қосылуы гендерлік тең­дік мәселелері бойынша корпо­ра­тивтік көшбасшылықты жоғары деңгейде одан әрі қолдау бойынша маңызды қадам болып табылады», деп атап өтті басқарма төрағасы.

Қанат Шарлапаев «БҰҰ-әйелдер» құрылымның атқарушы ди­ректорының орынбасары Анита Бхатиямен кездесу кезінде хол­дингтің тек компания ішінде емес, ел көлемінде де әйелдерді қолдау жөніндегі қызметі туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, «Бәйтерек» әйелдер бастамалары мен көш­бас­шылығына барынша жәрдемдесіп келеді. Холдингтің бірыңғай кадр саясатына сәйкес 2022-2024 жылдарға арналған KPI ретінде даму жоспарларына «Холдинг пен еншілес ұйымдардың бас­шы­лығындағы әйелдер саны» көрсет­кіші енгізілген. Бұдан бөлек, холдингтің бірыңғай кадр ре­зервіне іріктеу кезінде қыз-келін­шектерге басымдық беріледі.

Сонымен қатар холдинг өмірде қиын жағдайға тап бол­ған әйелдерге, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда тәр­бие­леніп жатқан балаларға қайы­рымдылық көмек көрсетеді. «Бәй­терек» холдингі қаржы институты ретінде әйелдерге өзінің еншілес ұйымдары – «Отбасы банк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы «Ұмай» ипотекасын ұсынды, сондай-ақ, әйел кәсіпкерлердің жобаларын қаржыландыруға қолдау көрсетіп келеді.

Айта кетейік, WEPs қағидат­тарына қол қою – компанияның гендерлік теңдікті ілгерілетудегі және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі мүдделілік пен белсенді ұстаным туралы жария мәлімдемесі болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде 5 мыңнан астам компания WEPs бастамасының қатысушылары болып табылады. Оның ішінде 40-тан астам қазақстандық компания да бар.

Бөлісу:
Кәсіпкер әйелдердің құқығы қорғалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар