Ауа райы
1 мин оқу 230
Еліміздің солтүстігінде күн жылынады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан бойынша 9-11 маусым аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Синоптиктер мәліметінше, еліміздің солтүстік аймағында күн жылынады.
«Солтүстік-батыс циклонымен республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температураның 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Бөлісу: