Аймақтар
1 мин оқу 375
Каспий теңізіне батып кеткен студенттің денесі табылды
<p style="text-align: justify;">Сүңгуірлер жігіттің денесін 15-шағынаудандағы жағалауда алты метр тереңдіктен тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін таңертең іздеу жұмысына тартылған 15 құтқарушы және екі сүңгуір жігіттің денесін 15-шағынаудандағы жағалауда алты метр тереңдіктен тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Еске салсақ, кеше Каспий теңізіне 2004 жылы туған Бейнеу ауданының тумасы, Маңғыстау өнер колледжінің бірінші курс студенті батып кеткен еді.
Салтанат Кенжебай
Бөлісу: