Әлем
1 мин оқу 183

Италияда 4,3 тонна кокаин тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Италияның Триест қаласындағы қаржы полициясы мен мафияға қарсы күрес тобы 4,3 тонналық кокаин тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Италияда 4,3 тонна кокаин тәркіленді

Құқық қорғау органдары оның «қара нарықтағы» құнын 240 млн еуроға бағалап отыр. Олардың айтуынша, бұл Еуропада тәркіленген есірткінің ең ірі партияларының бірі. Тәртіп сақшылары кокаиннен бөлек 1,8 миллион еуро ақша мен бірнеше автокөлікті де тәркілеген.

Сонымен қатар қылмыстық топтың 38 мүшесі қамауға алынды. Олар Италия, Словения, Хорватия, Болгария, Голландия азаматтары болып шықты.

 Салтанат Кенжебай

Бөлісу:
Италияда 4,3 тонна кокаин тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар