Қоғам
1 мин оқу 422

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтеді

<p style="text-align: justify;">Бұл жайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Telegram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді.

Аталған консультативтік-кеңесші органның құрамына Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен көрнекті сарапшылар, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері кіреді. Ұлттық құрылтайдың ең маңызды міндеттерінің бірі – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту бойынша идеялар ұсынып, қадамдар жасау», деді Мемлекеттік хатшы.

Бөлісу:
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар