Аймақтар
1 мин оқу 550

Теннис орталығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласында соңғы 3 жылда әлемдік деңгейдегі бірнеше спорт нысаны бой көтерді. Стадион, Olympic Center спорт кешені пайдалануға берілді. &laquo;Мұз сарайы&raquo;, Бекзат Саттарханов спорт кешені салынуда. Ал күні кеше техникалық ашылуы өткізілген салтанатты жиынға 14 жасқа дейінгі еліміздің бірінші ракеткасы, Еуропада топ жарып жүрген Заңғар Нұрланұлы қатысты.</p>

Теннис орталығы ашылды

Орталықтың техникалық ашы­луына қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтады. «Еуропа рейтин­гісінің чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы келешекте Джокович, Надаль секілді теннис жұлдызына айналады деп сенеміз. Осы теннис орталығында алдағы уақытта республикалық, халықаралық жарыстар өтіп тұрады. Жасөс­пірімдер мен жастарымыз, тен­ниссүйер қауым осында шебер­ліктерін шыңдайды», деді Өмірзақ Шөкеев. Словакияда өткен Tennis Europe сериясының Baseline Open U14 екінші санатты турнирінің чемпионы және өзге де додалардың жеңімпазы атанып жүрген жас теннисші Заңғар Нұрланұлы түр­кістандықтарға жылы лебізін біл­дірді. «Спорттағы ең алғашқы қа­дамымды 4 жасымда Түркістан өңірінде бастағам. Спортта ең бастысы – жауапкершілік. Тынымсыз шыңдалу, алдыңа мақсат қою арқылы ғана жеңіске жетуге болады. Күніне 4 сағат жат­тығамын. Түркістанға екі жыл бұрын келгем, қазір өзгеріп ке­тіпті», дейді Заңғар. Tennis Europe ұйымының Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингінде Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр. Сұхбаттарының бірінде Заңғар «Үлкен дулыға» тур­нирін ұту – арманы екенін айтқан болатын.

Түркістандағы теннис орта­лығының сыртқы фасад жұмыс­тары мен инженерлік желілері, әкімшілік ғимаратының 1,2 қабат­тарында ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталған.  Орталықта 11 теннис корты, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңы және автотұрағы бар.

ТҮРКІСТАН

Бөлісу:
Теннис орталығы ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар