Ауа райы
1 мин оқу 377

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">Бүгін еліміздің бірқатар қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар өңірде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады. Тек Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар