Спорт
1 мин оқу 305

Аслан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен жас спортшылардың қатысуымен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қарағандылық Ұлан Құрманғалиев өз тобында аталған жарыстың чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

15 жастағы қазақстандық спортшы өз құрдастарының арасында топ жарды. Алдымен ол өзінің кіші тобында чемпион атанып, 1/16 финалда Катар Равад Алнасерді 3:1 есебімен жеңді.

Одан әрі 1/8 финал кезеңінде Польша өкілі Марсель Блащик те қазақстандыққа 3:0 есебімен жеңілді. Ал ширек финалда Украина спортшысы Михаил Ловга 3:0 есебімен ұтылды.

Финалға барар жолда Алан Құрманғалиев Болгария өкілі Йоан Величковты 3:1 есебімен жеңді.

Шешуші жекпе-жекте оның қарсыласы жапондық теннисші Казуко Ешияма болды. Айта кетсек, осыдан екі апта бұрын онымен кездесу өткізген қарағандылық спортшы Испанияда жеңіліс тапқан еді. Бұл жолы қарсыласынан озып шыққан Құрманғалиев 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен чемпион атанды.

Бөлісу:
Аслан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар