Қоғам
1 мин оқу 310
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрған ерлі-зайыптылар сотталды
<div class="article__header"> <div class="article__announce-text" style="text-align: justify;">Ерлі-зайыптының қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, олар 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> </div>

Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді.
Анықталғандай, ерлі-зайыпты Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарған. Олардың әрқайсысы қылмыстық схемада белгілі бір қызмет атқарған. Олар жалған кәсіпорындар арқылы жұмысты іс жүзінде орындамай шот-фактура жазып беріп отырған.
«Қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекет бюджетіне 1 млрд теңгеден астам салық түскен жоқ», деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін кінәлі деп тауып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Ал ерлі-зайыпты Көмековтердің қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға сотталды.
Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесі және 17 млн теңгеден астам ақша тәркіленді. Бұдан бөлек сот мемлекеттік кірістер органдарының 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арызын да қанағаттандырды.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: