Аймақтар
1 мин оқу 382

Маңғыстауда 2 мыңға жуық шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі мыңға жуық шетелдік анықталды. Биыл 5 айда 138 шетелдік ел аумағынан шығарылған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

«Жалпы Маңғыстау облысында 8 860 шетелдік азамат тұрады. Тәртіп сақшылары 2 мыңға жуық шетелдікті ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Осы жылдың 5 айында сот органдарының шешімімен 138 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығарылды.

Жыл басынан облыс бойынша, яғни, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне сәйкес, ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша 2 шетелдік адам анықталды», делінген сайт ақпаратында.

Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша ішкі көші-қонды бақылауды қамтамасыз ету барысында 21 913-ке жуық азамат тіркелген. Жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеуге 39 754 өтінім қаралып, осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығына 1270 адам қабылданды.

Бөлісу:
Маңғыстауда 2 мыңға жуық шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар