16 қазақстандық ЖОО әлемдік QS WUR рейтингіне енді
<p style="text-align: justify;">Биыл әлемдік рейтингке енген қазақстандық жоғары оқу орындарының тізіміне Алматы технологиялық университеті мен Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті де енді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Биыл қазақстандық 16 ЖОО QS WUR рейтингіне енді, өткен жылы олардың саны 14 болатын. Ал оған дейін 8 ғана университет болған еді. Жақында университеттеріміз тағы бір әлемдік Times higher education рейтингінде өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Бұл - екі беделді рейтинг. Осының барлығы қазақстандық жоғары білімнің халықаралық деңгейде таныла бастағанының дәлелі. Әлемдік рейтингтерде көтерілу – қазақстандық білім сапасының жақсарғанының және университеттердің жоғары мәртебесінің айқын көрсеткіші. Университеттерді трансформациялау, сондай-ақ оқытушылар мен ғалымдардың белсенді жұмысының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді», деді министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова.