Аймақтар
1 мин оқу 360

Олимпиадада топ жарды

<p style="text-align: justify;">Жаңаөзендік жас, болашақ дәрігер Асқар Ескендір Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен &laquo;Шексіз медицина&raquo; және &laquo;Қалыпты топографиялық анатомия&raquo; атты халықаралық олимпиадада топ жарды. Олимпиадалық сайыс биыл 19-21 мамыр аралығында клиникалық анатомия және оперативті хирургия ғы&shy;лым&shy;дары бойынша өтіп, халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің жастары қатысқан.</p>

Олимпиадада топ жарды

Жаңаөзендік Асқар Ескендір – Марат Оспанов атын­дағы Батыс Қазақстан меди­цина уни­верситетінің жалпы меди­­­ци­на факультетінің 3-курс студенті.  Халықаралық ғылым бәйгелерінде Қазақс­танның атын қорғап жүрген жаңа­өзендік жас бұған де­йін Б.Н.Ельцин атындағы Қыр­ғыз-Ресей-Славян универ­си­те­­тінде өткен «Шексіз ме­­ди­­­цина» Халықаралық олим­пиадасынан «Үздік видеовизитка және команда презентациясы» конкурсы бойынша I орын, И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз ұлттық медицина академиясында өткен «Қалыпты және топографиялық анатомия» Халықаралық олимпиадасынан «Үздік видеовизитка және команда презентациясы» конкурсы бойынша
I орынды қанжығасына бай­ла­ған болатын.

Асқар сынды талантты жас­тардың жетістігі  ел ер­теңі үшін қуануға мүмкіндік бе­реді.               

 

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Олимпиадада топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар