Елорда
1 мин оқу 560

Есіл табанында дөңгелек те, жиһаз да жатыр

<p style="text-align: justify;">Есіл өзенінің түбінен көлік дөңгелегі, жиһаз секілді қоқыс табылды. Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенінде сүңгуірлік жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

Есіл табанында дөңгелек те, жиһаз да жатыр

Бұл жұмыстар өзен тү­бінің қазіргі жай-күйін тексеру, әр­түрлі қоқыстар­дан тазарту, Есіл өзенін­де түбін тазарту және жағалауды нығайту жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін су тү­бінде тұнба шө­гін­­ділерінің дең­ге­йін және өзен терең­дігін айқындау үшін жүргізіледі. Сүң­гуір­лер Кенесары кө­ше­сінен Сығанақ кө­шесіне дейінгі учаскеде, сондай-ақ Тельман елді мекеніндегі «Жа­сыл арал» ауданында Есіл өзенінің түбін тексерді.

Есіл өзені акваториясы түбінің 88 900 шаршы метр аумағы тексерілді және түрлі қоқыстан тазарты­лып, 889 нүктеде су түбі/тұн­ба шөгінділерінің деңгейі анықталды.

Зерттеу барысында Есіл өзенінің түбінде көлік дөң­гелектері, жиһаз бөліктері, ,сол сияқты өзге де ірі көлемді қалдықтар табылды. Осыған байланысты қала тұрғындары қоршаған ортаға асқан жауап­кершілікпен қарауы қажет еке­нін ескертті қала әкімдігі.

Бөлісу: