Қазақстан
1 мин оқу 175

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">10 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұмада еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар